Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  90


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

Жаза алмадым жанымның қалаулы үнін

Жаза алмадым жанымның қалаулы үнін
Жүрегім де салқындау, нарау бүгін.
Көре-көре көзімнің нұры тайды,
Адамдардың аңдысқан қараулығын.
Қыс секілді кейде осы жазды күнім,
Сарқар болдым жанымның аз жылуын.
Ести-ести құлақта қақас болды,
Адамдардың ғайбатпен жазғыруын.
Табам таза дүние қайдан аппақ?
Жүре алмадым нәжістен тайғанақтап.
Арғы әлемнің ақ нұрын аңсаймын да,
Кеткім келіп тұрады айдан аттап...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу