Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  72


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

ӨЗІММЕН ШАЙҚАСЫП КЕЛЕМ

Ей, менің, өтіп жатқан минуттарым,
Өмірдің жұқтыр бойға сый қып, нәрін.
Тамаша, қызық, думан, әуестіктің,
Бұл күнде жиыстырып, қидық бәрін.
Күш, жігер, қуат кірді сөзіме тың,
Жан болдым құдірет тілін сезінетін.
Өткізіп жатқан мынау өмір, күнім,
Ұсқынсыз көрінеді өзіме тым.
Арман бар, дәрменім жоқ,
Неге десең?
Әл кетті.
Аллаһ өзің демемесең!
Сайысу сыртқы жаумен қиын емес,
Жеңе алмай өзімді-өзім ерегесем.
Тесілген қалың томға сезімменен,
Түндерден не белгі бар көз ілмеген!?
Жанымның жарқыратып ай балтасын,
Шайқасып келем ылғи өзімменен.
Етуге асықпаймын басты құрбан,
Тататын ләззат та бар ашты мұңнан.
Бақыттан сусындауға көзім жетті,
Арылсам кеудемдегі ластығымнан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу