Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  84


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

ҚЫЗ ҚҰЛАСА

Құтылсақ та кешенің құрығынан,
Құйтұрқылар жүр әлі құрып лаң.
Шексіз аспан көрініп шектілікпен,
Қамаудағы қарайды құдығынан.
Қайран ұрпақ қайтейін, халы мүшкіл,
Ұл-қызыңды жайратқан жарылыс бір...
Қалыбынан айрылып, қазағымның,
Жат мінездер билепті жанын ұшқыр.
Бірі тұман, күндердің, бірі күмән,
Іліп алар нең қалды,
Ірі күнәң.
Ұяты мен ұлтымның ұлы көшін,
Байқау керек қыздардың қылығынан.
Қаптап жүрген заманда құзғын аса,
Кетіп бара жатырмыз мұзды баса.
Қансырайды ұлтымның қасиеті,
Ең әуелі азғындап қыз құласа!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу