Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  69


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

СПЕКТР

Өмірдің өз беру үшін бояуын,
Бірте-бірте көтерілді баяу үн,
Жүрек сырын спектр ғып сызайын,
Пайдаланып клеткамның ояуын.
Алтын күннен қалыптасқан спектр,
Ұсақ бөлшек тыным таппай істеп тұр.
Молекула, атом дейсің...
Ядродан
Спектрлер қалыптасқан күшті өткір.
Жай көздерге көрінбейтіні де бар,
Мен отырмын тозбас төзім, тілеп әл.
Жанарыңды кескіндерге тоқтатып,
Маңдайыңды алақанмен тіре дәл!
Сезбегендей мелшигенмен дала түк,
Оятады көкжиектен таң атып.
Қатар-қатар спектрлер салайын,
Жүрегімнің жыр жарығын таратып...
Алла нұры – иман келіп түседі,
Көктем туды, жүрегімде қыс еді.
Жазғандарым жеті сәуле спектр,
Күндеріме көрік берді күш-емі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу