Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  97


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

МЕНДЕГІ ИМАН СЕРТІМ БҰЛ!

Қиялға қызықтап қалықтағанымда,
Пенделік жеңіп шарықтағанымда,
Рухым әлсіреп, арықтағанымда,
Сеземін
Бейшара екенімді
алып табаныңда.
Ерлікті көріп, еркіндегенімде,
Жеңісті көріп желпілдегенімде,
Думанды көріп, селкілдегенімде,
Есімді жиямын
Жүректің берген
сертін көремін де.
Сенсіз бәрінен тұл екенімді,
Шарасыз пенденің бірі екенімді,
Өзіңнің арқаңда тірі екенімді,
Мойындап,
Саған басымды ием,
Аллаһ,
Алдыңда құл екенімді!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу