Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  113


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

АНАМА

Бір тақырып көп жыл мені мазалап,
Жазылмады.
Жүрегіме жаза, дақ.
Анасыз мен елестете алмаймын,
Болғанымды бүгінгідей азамат.
Бейнелеуге сөз таппадым ылайық,
Бойымда көп мен өткізген күнә, айып.
Назасына қалмау үшін қашанда,
Қызмет етем құл секілді мұңайып.
Жүрек үнін жеткізуге кез келмей,
Болдым әлем әдебиетін кезгендей.
Ойға түспей, не болмаса таса боп,
Айтар сөзді таппадым ба көз көрмей.
Борыштымын, қарыздармын мың, түмен,
Тірлікпен де достастырды күлкімен.
Оның сылап, сипауында сомдалдық,
Ақыл таптық, арайланды кір-кір өң.
Ұрпақ үшін секілді бір аспан, күн,
Үміті үшін жыр дәптерін жастандым.
Соның бәрі баспалдағы секілді,
Анам жайлы жазылатын дастанның...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу