Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  197


Автор: Амангелді Бұғабаев

ЖАҢАӨЗЕН ЖІГІТТЕРІНЕ

Даладай көңіл кеңдігі
Сәбидей аңғал, жаны пәк.
Күй болып төгілгендері
Көрсеңіз нені танытад?
Қонаққа құшақ жаяды-ақ,
Қараңды хандай ұлықтап.
Қарау ма, көнілің, таяма,
Әздері жүрген бүлікші-ақ.
Өр көңіл, жүрген заңғар кіл,
Жаны жаз мәңгі жандар бұл.
Күй болса бұлар, топан күй,
Жыр болса қалың, орман-жыр.
Тусын-ақ, туса сендердей,
Жабырқау жаным жұбаттың.
Бүл күні менің кеудемде,
"Дүрсілі бар-ау жүз аттың".
Үміттен әппақ жаралған.
жырақта туған балаңмын.
О, Өзен, сеңдей қалаға,
Кірпіш боп бар-ау, қаланғым.
Мен салар өзің асқақ ән,
Сендерді жырлау мұратым.
Жұлдызды жолға бастаған,
Көшеңде жүрем гүл атып.
Таң болып атам шығыстан,
Майсалы келем көктем боп.
Қайқиған қайқы қылмштай.
Айналып жырға кетсем де.
Әйтеуір жерге қаратпан,
Сеніңдер маған тек қана.
Сарсыла ұшып сан апта,
Төлештей кеше жетгі ағам.
Жандары жайсаң сая бақ.
Болыңдар аман жігіттер.
Анаңдай сүйіп аялар,
Дүние түрсын үмтттен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу