Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  93


Автор: Мұқанбетияр Мақуов

РАХАТ ТАПҚАН АДАМДАР

Киелі өлкем әр тасыңды тынбастан жырға қосып жүрген бір ақын ұлың
ылғида мына өлеңін оқитын:
Туған өлкем топырағың киелі,
Сені ұлың жан- тәнімен сүйеді.
Қашаған мен Махамбеттей өлең-жыр,
Құрманғазы, Абыл туған күй елі...
Сол шақта менің көкірегімде де өлең жолдары өрілетін:
Көгілдір перде, жусанды дала исіңнен,
Рахат тауып адамдар талай сүйсінген.
Әжелердің ақ пейілі ме едің Маңғыстау,
Ұлдарын иіскеп исінген.
Төбеңнен жұмсақ сәулесін шашса шуақ күн,
Көк кілем сынды түсіде мынау қыраттың.
Ана ма дерсің жұбатқан әзіз сәбиін,
Сезімнің сырын бұрап мың.
Көкжиектерді көмкеріп атса таң күліп,
Маңғыстау менің мекенімсің ғой мәңгілік.
«Киелі өлке ұлыңмын»-деп жар салсам,
Қайталар оны жаңғырық.
Әз бабалардың арманы сынды аңсаған,
Келешек нұрлы келбетіңе де тамсанам.
«Құс жолы кенет жерге түскен бе»- деп қалам,
Мұнаралардың түнгі отын көріп самсаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу