Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  102


Автор: Рахмет Аяпбергенұлы

СОНДАҒЫ ҚАРТ ҰСТАЗДЫҢ БАТАСЫ :

«БЕКЕТ» - балам атың мәңгілік ,
Бүкіл ұлттың айтып жүрер ән қылып .
Аса түскен жерді атамекен қылып.
Жаса сонда салтанат пен сән құрып .
Ұрпағыңа жалғасар көп азығың ,
Аса – қаққан қызығым !
Оғыланды жіберемін жол сілтер ,
Ал , қош сау бол , әз ұлым !»
Сөйтіп , қарттың батасын ап қайтыпты ,
Осыны ел аңыз етіп айтыпты .
Ұстазынан бата алу ерсі ме ?
Мақұл емес , - дейді мұны қай мықты ?!
Төрле әруақ өз орныңа лайықты ,
Ескек етіп ес де заман – қайықты .
Құдіретті дарындарға сенбеген .
Ел басынан өткен жылдар айыпты ...
Жастар – жастар , сендерді шын түсінем ,
Бірі өзім , неге бөсіп ісінем ?!
Жар бола гөр БЕКЕТ – АТА өзің ; - деп ,
Тек үлкендер сиынды ол кез ішінен ...
Атқа мініп жігіт болдық кекілді ,
Аталарға көңіл толық бекінді .
Қазағымның кең даласы осынау ,
Өлі аруақтар ұстап тұрған секілді .
Бұл өмірде көп ғой алғыр ойлы адам ,
Ғұмыр бойы үлгі , өнеге жинаған .
Өзге ұлттар озық тұр ғой қалайда ,
Әруақтарын , тарихын сыйлаған.
Түсте ме? Оған бір ұрпақтың назары ,
Мұның бәрі бос тірліктің ғажабы .
Ей , қазақтың баласы , айтшы маған ,
Сол БЕКЕТТІҢ қайда қазір мазары ? ...
О, білгіштер мен түсейін алдыңа ,
Көз жіберсең өнегелі салтыңа .
Оғыландыда тұр ескерткіш – күмбезі ,
Соны ұрпағы аман сақтап қалды ма ?!
-VIОғыланды жер басасың жасқана ,
Ата рухы жатыр тауды жастана .
Қалай сені тастап кеттік , апырмай ,
Мұнда да бір көп сыр бар – ау , масқара ?!
Дала ма? Бұл суға кепкен ындыны ,
Керек бізге әр дәуірдің шындығы .
Ата өзі менен бұрын бар деген ,
Зират еттік алғаш Оғыландыны .
Қара алдыңа күмбезі бар мола тұр ,
Өткен күннен мол ғибрат ала біл .
Сол Хиуадан лақтырған Асаны .
Алғаш көріп , қорғап жүрген бала бұл .
Осы асаны көргендер ат іріккен ,
Тартқан сайын жатқан жерге кең .
Ғайып болған мекен жайды көрсетіп ,
Оғыланды , қара кие түрікпен .
Сол Асаны БЕКЕТ келіп алыпты ,
Таң қалдырып ала алмаған халықты .
Оғыланды тау жол сап қашыпты ,
Зират еткен жерде ол мәңгі қалыпты ...
Бұған , достар сүйін , мейлі сүйінбе ,
Жылдар таптап сәл ескірген күйінде .
Кең бөлмеде ілдірулі тұр Аса ,
Бір баласы – Аяпберген үйінде !
Сан жолыққан азулы қыс , көктемнен ,
Көп жаз , күзді қанжығаға бөктерген.
Қасиетті бұл Асасы Атаның ,
Өз басынан түрлі оқиға өткерген ...
- «Кең , кең бөлме неге ол үй ат – көлікті ,
Бұл асаны оларға кім беріпті ?!
Жоғарғыға арыз түсіп жазғыштан ,
Ойда жоқта тексеруші келіпті .
Деп қалыпты әжем сонда «Хақ , бабам ,
Біздің үйде артық нәрсе жоқ , балам !».
Барлық жерді күндіз – түні тінтісе де ,
Іздеушілер ал , Асаны таппаған.
Бұл не деген ғажап әлем мәсаған ,
Қайтсем екен көңілімді босаған ?!
Сосын шағын қонақ үйге тоқтадық
Бүкіл халық жарлықсыз – ақ жасаған.
Халық - өзен мұнда судай ағылар ,
Бір көрген жан мың келсе де сағынар .
Бұл – қоналқа ,
Түздің мейманханасы ,Қазағымның кең
Қызыл жаға мың қарасын көп болып,
Ата әруағы таптырмаған сеп болып.
Төрде ілулі тұрған жерден о, ғажап,
Өз-өзінен кеткен Аса жоқ болып...
Олар шыға әжем: « Уа, әруақ, пірім» деп,
Үйге кірсе аяқ-қолы дірілдеп.
Ілулі тұр сол күйінде баяғы
Өз орнында киелі Аса күлімдеп...
Ол күн шын той, жорғалаған ән қырдан,
Тайқазанға жас марқа етін салдырған.
Барша адамның көзінше әке Асаны,
Тек бір ұлға аманат қып қалдырған.
Дәуір, ұрпақ өтіп жатыр алмасып,
Өмір-өзен қашқан ұл-қыз қолдасып.
Киелі Аса қолдан қолға өткенде,
Осы дәстүр келеді әлі жалғасып.
Бірақ бір ұл сол тәртіпті бұзыпты,
Ата-анамен байланысты үзіпті.
Озамын деп Асаны алсам бәрінен,
Арам ойдың кемесінде жүзіпті.
Сөйтіп бұл ұл өмір-көлде тасыпты,
Шын қулықпен түлкілікке басыпты.
Ұлықсатсыз Момын ұлдан өктем боп,
Қызғанышпен Асаны алып қашыпты...
Әкесіне, өлі аруаққа тас ұрып,
Түк сездірмей жүрген айла асырып.
Үйіндегі сандығына Асаны,
Өз қолымен құлыптаған жасырып.
Астындағы жүйрік торы сылаңдап,
Бүгін ерек көңіл күймен сыр аңдап.
Бірде Момын келе жатса алдынан,
Қызыл түлкі жол бермепті бұлаңдап...
Бүкіл ел боп іздеу салған бүлінген,
Хабар болмай Асадан жұрт түңілген.
Түлкі кірген інді Момын қараса,
Өз қолында өз Асасы ілінген!...
Ат үстінде маң далада тұрып кең,
Құлағыңды тосшы қырға түріп сен.
Айтыса да, тартысса да ал, бірақ,
Дос болыпты қазақ, өзбек, түрікпен.
Әр мықтыға жүгінгенше әлемде,
Кемісіңді өз атаңнан ал емдеп.
Көрші-қолаң барша адаммен дос бол деп,
Бекет соны кеткен толық дәлелдеп.
Қоқыстардан тарих сыр аршысың,
Оқшауланып тұрған жоқ па нар мүсін !?
Байқа уақыт сақасының алшысын,
Бекет-нағыз шын достықтың жаршысы?!
Бұл не деген ғажап әлем мәссаған,
Қайтсем екен көңілімді босаған?!
Сосын шағын қонақ үйге тоқтадық,
Бүкіл халық жарлықсыз-ақ жасаған.
Халық -өзен мұнда судай ағылар,
Бір көрген жан мың келсе де сағынар.
Бұл-қоналқа.
Түздің мейманханасы,
Қазағымның кең пейілі танылар.
Дала үйі-салқын самал тынысым,
Ақтарылған кең дастарқан ырысым.
Жомарт, дарқан, ізгі ниет халқымды,
Күллі әлемге мақтан етер бір ісім!
Үлгісі мол дәстүрлерді қорғаймыз,
Абыз болып халық мұңын толғаймыз.
Қонақ үйді жақсарту Ел ниетін,
Бұдан әрі кеңейтуді қолдаймыз!
Құлама шың тауың, Ата, дін аман,
Сенесіз бе, сенбейсіз бе мынаған?!
Әулиені жоқ етем деп жұлқынған,
Талайлардың машинасы құлаған...
Төмен түсіп келеміз бе ақырын,
Адымыңды абайлап бас, ақырын.
Таба алмайсың әр Атаның күмбезін,
Қанша жүйрік тазы болсын ақылың?
Қандай көркем ақ бұлтты аспаны,
Бұлқып ақты жүрегімнің жас қаны.
Сәл төмендеп қарап едім «Сақтан!» деп
Үйедей тастар тұр төбемнен басқалы.
Ұрпақтарың келіпті деп алыстан,
Алдымыздан қобыз тартып жарысқан.
Басын шұлғып қол шапаттап жатырған,
Бір кез шықтық қалың әскер-қамыстан.
Қайғы-уайым еске түсіп қайдағы,
Іріп кетті жақсы ойымның қаймағы.
Мені қатты толғандырды,бауырлар,
Көз жұмғалы жатқан Ата қайнары...
Көңілсіз пайда болды көргеннен,
Ата өкпелеп жатқан сынды желкемнен.
Мен бабамның қайнар көзін ашып ем,
Жыр-бұлағы саулап кетті кеудемнен...
Кешір Ата, баланды кеш оралған,
Бір-ақ шықтық тағдыр қуып Аралдан…
Малы-жаны аунап-қунап бір кезде,
Осы бұлақ бүкіл қазақ нәр алған…
Жүрегімді өртеп қайнар күйігі,
Бір уыс боп қалды асқар тау иығым.
Қайнар бітсе қырылмай ма Атаның,
Арқарлары, тауды кезген киігі…
Кеш болады бұдан кейін жоқтауың,
Ескертулер орындалса жоқ дауым.
Маңғыстаудың көз жұмуы деп білем,
Бұл қайнардың сарқылуын, тоқтауын!
Онда мені қоршап алар жүз қайғы,
Сол жүз қайғы мұң дертімді қозғайды.
Жер бетінде бір бұлақ сәл қалғыса,
Ақын жүрек қырық күндей сыздайды…
Міне,Атаның күмбезі қол бұлғады,
Ғажап екен таумен тау боп тұрғаны.
Күллі әлемді сілкінетін секілді,
Жүрегімнің жиі соғып ұрғаны
«Асалаумағаликум» , - деп жатсақ та ,
Бірақ , Ата бізге мойын бұрмады .
Ұйықтап кеткен орынынан тұрмады .
Қанған жоқ па ? Ұйқың әлі ойяншы ,
Жата ма ? Адам келген кезде ұлдары ?!
Бұдан асқан қайғы барма адамдар ,
О , жер басқан бір құдайдың құлдары !
155
Рахмет – «жаман сарың» ой бағар ,
Аяпберген , Көкен , сосын Қойбағар .
Одан әрі Самалығың бір мықты ,
Шежіре етсек ұлдарыңды ойлап әр .
Күлмәмбетің Бәйтеліден әрі асып ,
Өзіңе ата жатырмыз біз ұласып ,
Сол ұрпағың іздеп келіп тұр , Ата ,
Алыс жұртқа кеткен сонау қыр асып.
Ертең бізде боламыз – ау сондай деп ,
Аспан көңіл , жер боп қалды құлазып .
Сен тұрмадың тау бейнелі арысым ,
Орнымыздан біздер , тұрдық жыласып ...
-V


Бекет-Ата күмбезі
Биік қара шаңырағы ақ шашты басын сәл сүйеп, жиексіз жатқан созылып,
көгілдір көк әлемге.
Бекет-Ата күмбезі көп жылдардың төсінен мойнын созған туйедей сұранып
тұр өлеңге.
Қаптаған қыруар құмырсқалардай, адамдар легі таусылар емес жалғасар,
сірә, мәңгілік,
Бәрі де соның шапағат тілеп, жүректен келсе сәлемге!
Нағыз таза шындықтар жеңеді екен ғой әрдайым, қаншама жылдар көмілсін,
әділдік болса түбінде,
Мына күмбезің осы даланың шын ұлылығын паш етер, қалдырған елге
қазына толы жүгің бе?!
Көп көсемдердің ескерткіштерін тасталқан етіп жоқ қылып жатқан
аласапыран дәуірде,
Атаға деген ел махаббаты қайта өршіп кетті бүгінде!
Құнарлы жерде көгерген дәні ме ең, Ата, халқыңның үлгі болар әрі ісі қуат
алған Күн, Айдан?!
Пайда тапқан ақыры мазалап отты сезімі, бұзуға өмір құрсауын жөңкіле
көшкен сең ойдан!
Алпыс үш жыл жасаған шаңырағын қия алмай, ақылын өрге жүздіріп,
табиғаттан тапқан үйлесім,
Бекет-Ата күмбезі тау киіз үй кәдімгі керегесін кең жайған!
Әулие қарттар сен сынды көркі болған ғой, қашанда осынау біздің ғажайып
көсілген дарқан даланың,
Үйінде тыныш жата алмай, желбегей шапан жамылып базарлап кеткен аласқа
жолдарын күткен баланың.
Қолына қайнар-құмнын ұстап төгілген суын байқамай, жолшы іздеп тұрған
көз жетпес шексіз қиырдан,
Күмбезіңді, Ата, алыстан түргеліп тұрған бір кезге өзің бе деп те қаламын?!
Күллі ғалам көгінен кірпік қақпай қараған, дүниені айналып тұр үстіндегі
Күн көзі,
Шатырлаған найзағай, саптырлаған жел-дауыл ашуланған кездегі бугінгі
айтар үн сөзі.
Бүкіл қазақ даласын қарауылдай күзнткен ізде туыс-бауырыңды, сүйе жерге
құласа,
Жарқырай бер әйтеуір, Шопан-Ата күмбезі,Бекет-Ата күмбезі!
Келді кезең жарқарайтын жұлдызың,
Бақытымыз шығар, сірә, бұл біздің.
Ата атыңды ардақтаған өнерде,
Біз оқыған толып жатыр ұл-қызың!
Орындалды, Ата, көп ой-мұратың,
Есіміңді ту қып алды жыр, ақын.
Маңғыстауда ұраны деп адайдың,
Энциклопедиямда тұр атың!
Жақсыларын мәнгі ұмытпас туған жер,
Ел есінде тау білімді әр тұлғалы ер.
Сен жайлы, Ата, алғаш айтқан ғалымдар,
Эверсман, Алексеев, Дюгамель.
Ғасырда бір тауар ұлы ол даланың,
Мақтанышы толғатқан Жер-Ананың.
Бүкіл батыс Қазақстан тарихында,
Ықпалы бар адам деген Алланың!
Жақындатқан еліме алыс ғасырды,
Аға ұрпаққа мың исең де аз басыңды.
Күмбезіңді суретке түсіріп.
Малғабардың зерттеді тау-тасыңды!
Қайда жүрсем сол жырды оқып келем мен,
Көрінеді сонда елесің, көлеңкең!
Аңыз етіп есіміңді халыққа,
Ғафу балаң қойды ескерткіш өлеңнен!
Сенің даңқың көп ұрпаққа азық кіл,
Тек ала алсақ щыңыраудан қазып бір.
Туған жерін әңгіме етсе қай жерде,
Әбіш балаң хатқа сені жазып жүр.
Ақсақ жырмен жаулап алған бір ұлтты,
Әр өлеңі жеке аспан бұлтты,
Өз жүрегін, Қарақшысын сөйлетіп,
Фаризашың атыңды сан тірілтті.
Кеудесінде қара сөзбен , маздап жыр ,
Денсаулығы берсе дағы аздап сыр ,
Есіміңді тебірене еске алып ,
Қабиболлаң әр жерде гәп қозғап жыр .
Көңіліңнен шығатындай баршаның ,
Сен жайында ақтарып сөз маржанын .
Газет , журнал беттеріне атыңды ,
Өшпестей ғып жазып кетті – ау Маршалың !
Ей , ағайын таста мәнсіз ұйқыңды ,
Қара , байқа әруақсыз сиқыңды ...
Басыңа бір түнеді тілдесіп ,
Ал Шәмілің есіміңді күй қылды !
Ата жайлы көп білмейтін жете кең ,
Мүмкін , достар қалып қойды неше мен .
Маңғыстаудан ескен жаңа самала ,
Есіміңді мақтана айтты Өтеген .
Астындағы жыр – тұлпарын сабалап .
Есіміңді жұртпен сырттай бағалап .
Ата сені еске салар кей – кейде ,
Есенғали Бейнеу барса жағалап ...
Жатыр сонда бар алаштын өмірі ,
Әсем жырды оқы толар көңілің .
Бекет – Ата рухына сиынып ,
Ұрпақ үнін жеткізді елге Темірің !
Мен де міндім жыр – жорғасын қамшылай ,
Есіміңді мың қайталап жыршыдай !
Әлі де білем көңіл тоймайды ,
Мұның бәрі жыр – мұхитқа тамшыдай !
Мен шәкіртпін Төлегенге , Абайға ,
Қашағанға , Фаризадай апайға .
Махамбет , Қасым көкіремнен атойла ,
Жұмекен , Мұхтар шақырып тұр соны ойға !
Өз атымды мен де бүгін кіргіздім ,
Өлең дейтін көркем – алтын сарайға .
Оны уақыт ертең өзі салмақтар ,
Бір керекке жарымай ма , жарай ма ?!
Бар білгеннін ел – жұртына ақтарды ,
Риза бол , балаңа , Ата , қалай да !




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу