Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  82


Автор: Рахмет Аяпбергенұлы

Алматының «Ардагер» пансионаты туралы жыр.

«Ардагердің» гүлдер өскен, бау-бақшалы кең алаңы,
Иелеген ат шаптырымдай көлемінде ен даланы.
Айбарлы Алматымда, саялы Алатаудың аясында,
Сәнге бөлеп, әнге бөлеп жатырсың сен қаланы.
Белгілі мезгілде олар дәрігерлерден ем алады,
«Ардагерде» ардагерлер жылына бір демалады!
Осынау байтақ Отанды қорғаған біз деседі,
Қазіргі сергек бұл жандар, қажет пе із кеседі?!
Мүйіздері қарағайдай тіп-тік өскен бұл қарттар,
Әр жыл сайын «Ардагер» алаңында кездеседі,
Бірі-бірін шын сағынған асқар шыңдай қариялар,
Құшақтап көріседі, бетпе-бет кеп тілдеседі, жүздеседі.
«Ардагердің» курорт, санаторийден озықтау тұр мойыны,
Қызыққа толы күн сайын пансионаттың қойыны.
Бір күні кино бірінен-бірі әсерлі әрі тамаша,
Бір күні концерт көз алдыңа келер әсем той күні.
Кім шебер болса, жылдамыр-ақ жетсін деп,
«Ардагердің» төрінде қызып тұр бильярд ойыны.
«Ардагерде» кітап-теңізге шомылып, қиялмен көкке самғап ал,
Өмірі қызық бұл жерде жұмысшы шаруа, ханда бар.
Әлемнің қандай жазушысының қызықтырады жазғаны,
Бай кітапхана қорынан өз керегіңді таңдап ал.
Қайсы газет, журнал қажет, біліміңді тереңдетіп молайтар,
Өйткені, сен ұстазсың ғой, сан шәкірттің жүрегіне шам жағар!
Қайран ардагерлерім, сендер менің алғы буын деп сенгенім,
Сендердің арқаларың ғой азамат боп еркін өсіп өнгенім.
Басына мәңгі қар қонған ақ басты Алатауымдай,
Қуаныш маған шын, рас, қатарларыңа келгенім!
«Ардагер» пансионатын ардақтылардың алдында төгіле бір жырлайын,
Алаулап жанған шабыттың оты жаныма жақын кел менің!
Жиырма күн жатқан адамға, пансионат мықты баспана.
Қашан ардагер болам! Деп құмартатындай жас бала.
Бір күнде саған төрт рет жаяр дастархан
Әсем сұлу қыздарымен есіңнен шықпас асхана
Кең пейілді қазағымдай ардагерін төрге шығарған,
Жасай бер жаса, мәңгілік Алматыдай асқақ Астана!
Қазақстан – ұлағатты ел барлық жақтан ұтып тұр.
Таза ауамен тыныстайтын сал самалды жұтып қыр.
Жаңа күні біреулердің екі, үш күннен басталмақ,
Біреулердің іс сапары, міне бүгін бітіп тұр.
Қазақ жерінің шартарабынан келе жатқан жайсаңдарды.
«Ардагер» пансионаты басын иіп күтіп тұр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу