Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  61


Автор: Аманғали Ербозұлы

Өзіңсің жер жәннаты қиялдаған

Өзіңсің жер жәннаты қиялдаған
Бабамыз Құрманғазы күй арнаған.
Сарыарқа қасиетті далам менің,
Сәкен де мейірі қанып сүйе алмаған.
Елеңдеп сері көңіл жыр-дүбірге
Жаным да жай таба алмай жүр бүгінде.
Мекені Болман, Тайжан, Шашубайдың
Мен саған қарыздармын тірлігімде.
Бұлғайды қара көздер орамалын
Бұлғаймын мен де қолды, жоқ амалым.
Сарыарқа, қимасым-ай, қош есен бол,
Мен саған әлі талай ораламын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу