👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  20


Автор: Шабаз Иманалиев

Айдынның беті ақ көбік...

Айдынның беті ақ көбік,
Жинаған, сірә, кім қайдан?
Толқынға толқын шап беріп,
Басталып кетті бір майдан.
Қақ айырып көкті бір,
Найзағай шығып от өріп;
Толқынды толқын соқты бір
Жамбасқа салып көтеріп.
Теңіз-сезім бұрқырап,
Желкенін жүрек жұлқылап,
Шыбын жаным шырқырап,
Таба алмай дәйек – бір тұрақ;
Қан сорпа болып мен тұрмын,
От пенен судан жыр құрап.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы