Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  79


Автор: Шабаз Иманалиев

Елу тоғыз жасында өлген Абай...

Елу тоғыз жасында өлген Абай,
Қайғысыз болса егер елге қалай.
Қайран жұрты, қазағы зәбір беріп,
Қорлық көрген данышпан елден талай.
Сонда да ол халқынан жерімеген,
Бірге болған надандау еліменен.
Ақылдының аясын тот баспайды,
Бәрін білген, бәріне берілмеген.
Тап сол жасқа, жігіттер, мен келіппін,
Шындықты әзілменен өңгеріппін.
Сайком, Шора, танысып кісілікпен,
Екеуіңді өмірде тең көріппін.
Қайран достар, бәріңді жақсы көрем,
Танимын кеңшілікті тап шынымен.
Аралары алты елі ажырамай,
Құттықтап келген мені аяп бүгін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу