Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  71


Автор: Шабаз Иманалиев

Кездерімде «Ақ марал» деп ән салған...

Кездерімде «Ақ марал» деп ән салған,
Өзің едің ақ шуақ боп қарсы алған.
Жарастықты көре алмаған адамдар,
Ашқарақ көз қараушы еді тамсанған.
Жақсылықты жасадым-ау қасыма,
У салғысы келгенге де асыма.
Жылан болып кіргенде де үйіме,
Ақ құйып-ақ шығарғанмын басына.
Олар да енген қара жердің қойнына,
Бір нәрсе бар қозғау салар ойлыға:
Жатқан шығар қара ниет оралып,
Қара шұбар жылан болып қойнына.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу