Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  65


Автор: Шабаз Иманалиев

МАЙ КҮНІ

Үнінде бақыт сәбидің,
Жүзінде бақыт ананың.
Төрінде күлкі әр үйдің,
Бәрінде думан қаланың.
Аспанға самғап кетердей,
Алқызыл тулар көлбеген.
Тасқынын жұттың көтермей,
Қайысады жер деген.
Келеді ғажап гүл алып,
Келеді бауыр, көп таныс.
Көңілдерде тұр алып,
Отанға деген мақтаныш.
Осынау ғажап салтанат,
Қуаныш жанға құяды.
Еліңе үлкен махаббат
Жүрекке қайтіп сыяды?!
Көгершін көкте қалықтап,
Біресе қолға жүр қонып.
Шаттықтың үні шарықтап,
Кеудеден ұшты жыр болып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу