Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  82


Автор: Шабаз Иманалиев

ЖАН АНА

Сағынды қара тентегің,
Жаз құшағың жай, ана!
Өзіңе ғана еркемін,
Өзің тек мені аяла.
Дүниеге мені әкеліп,
Жарық берген анашым.
Не керек болса мәпелеп,
Тауып берген анашым.
Жанарымда жарық күн –
Жалын берген жан ана.
Бойымдағы жақсының
Бәрін берген жан ана!
Жөні жоқ қой босаудың
Өзіңе және маған да.
Көзіңе неге жас алдың,
Ауыл-ел тегіс аман ба?
Сағынды қара тентегің,
Жаз құшағың жай, ана!
Өзіңе ғана еркемін,
Тағы да, тағы аяла!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу