Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  59


Автор: Шабаз Иманалиев

ДОСТАР

Достарым, білемін ғой қадіріңді,
Қуантпас жақсы достың бары кімді.
Сендерсіз әншімін мен даусы кеткен,
Жоғалтқан соқырмын мен жарығымды.
Домбыра – сендер де, мен – тиек едім,
Өздерің жүрегіме ие менің.
Көңіліме күй бердіңдер, сый бердіңдер,
Болдыңдар сүйерім де, сүйенерім.
Әрқашан осылайша жанды ұғыңдар,
Менен бір жылт көрсеңдер – жандырыңдар.
«Сел» деп те, «нөсер» деп те айта алмаймын,
Кеудемде әйтеуір ақ жаңбырым бар!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу