Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  91


Автор: Шабаз Иманалиев

Осы бір қақпа сүйкімді неткен!

Осы бір қақпа сүйкімді неткен!
(Түсімде осы үйге еніп жүрмін).
Сүйсіну маған әдет боп кеткен,
Күлімдей беріп, сүйгенім менің.
«Сүйгенім» деймін, бар ма еді хақым?
Кездескен жоқ ол маған тіл қатып.
Сырласар ем мен, келмейді жақын,
«Сүйгенім» деймін танымай жатып.
Сүйгенім менің, салдың не күйге,
Өзгенің саған қалғаны ма ұнап?!
Сүйген ем сені,
Әттең, бір дүние,
Сүйіктің сенің бола алмадым бірақ




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу