Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  86


Автор: Шабаз Иманалиев

АЛАТАУ

Алатау, мәңгі тұрсың мұз көтеріп,
Өзіңдей үлкендігі бұлт көтеріп.
Не деген алып күшсің, кереметсің,
Көрмейсің шаршап, сірә, бір жөтеліп.
Қарауыл шың басыңа ұзақ тұрып,
Қалғандай ай шеңберлі бұлақ тұнып.
Алатау, ғажапсың-ау, ғажапсың-ау,
Сезімді алып қаштың ұзаттырып.
Алатау, түрлі-түсті гүл бетіңді,
Өткізген қыздарменен бірге түнді.
Салар ем ақын болсам өлеңменен
Сұлу ғып көркіңді, әсем суретіңді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу