Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  155


Автор: Шабаз Иманалиев

Жолдар алуан талайды таныстырған...

Жолдар алуан талайды таныстырған,
Жолдар тарам талайды алыс қылған.
Жол түбіне жетпесін білсе-дағы,
Бұл жолмен талай өмір жарыс қылған.
Дей алман «Алыс жолды еңсеріппін»,
Мен кейде солқылдаппын, теңселіппін.
Өмірдің суығы бар, тұнығы бар,
Реніш, қуанышқа тең серікпін.
О, достар, «Қайғың не?» деп кіналама,
Түседі көп арманмен жыл араға.
Адам – адам,
Сондықтан, айтыңдаршы,
Тек қана қуанышпен тұра ала ма?!
Жүресің алуан жаққа алаң болып,
Көп ойлар сан қияға қалар қонып.
Жолдардың әр тарамы жат емес қой,
Келген соң дүниеге адам болып.
Мен де келем сол жолмен жарыс құрып,
Әр тарамын жүрекке таныс қылып.
Ойларым тұр әр жақтан қылаң беріп,
Арманым жүр жақсыны алыс қылып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу