Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  75


Автор: Шабаз Иманалиев

АНА КҮНІ

Мерекең құтты болсын, ана, күнің!
Теремін сый етіп мен дала гүлін.
Күніңе болсыншы өлең ескерткішім,
Тізіпті жыр моншағын балаң бүгін.
Жойылып тағы заман өктемдігі,
Өзіңсің бұл заманның өскен гүлі.
Жеткізген сол теңдікке сені бақыт,
Мерекең 8 март – көктем күні.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу