Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  61


Автор: Шабаз Иманалиев

АҚ ЖАЙЫҚҚА

Тусам да Сыр бойының шағылында,
Жырым жүр толқынында, ағынында.
Ақ Жайық, өзің бердің Сырдай болып,
Шабытым, өлең-жырдың арынын да.
Жар сүзіп, көбік шашып, мың толқыдың,
Сол сәтте елестеттің Сыр толқынын.
Жүрегім – бір арнасы, саған арна,
Құямын сол арнамен жыр ағынын.
Ақ Жайық – толқып аққан Сырым менің,
Ақ Жайық – таусылмайтын жырым менің.
Ақ Жайық, Сырға балап жырлай берер
Бүгінгі күн Сыр ұлы – ұлың сенің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу