Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  82


Автор: Шабаз Иманалиев

АНА

Арыңның ақ сүтімен асыраған,
Келді ұлың, есенсің бе, асыл анам?!
Кетемін құшағыңда сәби болып,
Қалайша бұл сырымды жасыра алам?!
Жанарың неге мұнша әлсіреген,
Сүртші бір, немене өзі тамшы деген?
Жарқ етіп кәрілікті шықсын айдап,
Жанымның барлық отын алшы менен.
Көктеген өз бағыңда бір шыбықпын,
Мен қашан сен күлгенде күрсініппін?
Күлуді Күн де сенен үйренген ғой,
О, ана, әз анасы тіршіліктің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу