Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  81


Автор: Шабаз Иманалиев

ЖАСТЫҚ ЖЫРЫ

Қуаныш менде неткен көп,
Ойларым қандай шексіз ең!
Аспаным мөлдір, көкпеңбек,
Қолымды созсам, жеткізем.
Өмірім қандай жайдары,
О, өмір, қандай сүйкімді ең!
Сен үшін, бақыт аймағы,
Ояуым мол да, ұйқым кем.
Төсіңде сансыз гүлің бар,
Самалдан шаттық еседі.
Кеудемде толы жырым бар,
«Бақыттың жыры» деседі.
Адамзат қайғы көтеріп,
Әлемді өрт шалмасын.
Сәби – жетім, әке – өлік,
Аналар жесір қалмасын!
Атқанға тисін қорғасын,
Адалға арам қосылмай.
Болмайды соғыс, болмасын,
Жастықтың жыры осындай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу