Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  66


Автор: Шабаз Иманалиев

ТЕҢІЗ ЖЫРЛАРЫ

Мынау теңіз құмар қылған талай күн,
Иықтасып ұмтылады толқындар.
Өлең іздеп ілгеріге қараймын,
Көк толқындар, көп толқындар, толқындар...
«Кәрі» дейді жұрттың бәрі Каспийді,
Түсінбедім бұл неліктен екенін.
Естімей ме теңіз күйін – жас күйді,
Дүниеде ұғынбаудан не тегін?!
Толқындармен араласа жарысып,
Бірте-бірте алып қашып барады ой.
Кеттік білем жатырқамай табысып,
Теңіз де – бір толқыны бар дала ғой.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу