Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  62


Автор: Шабаз Иманалиев

Күндер, күндер, көп күндер...

Күндер, күндер, көп күндер,
Із тастап алуан кеттіңдер.
Дауыл боп кейде ықтырып,
Самал боп кейде өптіңдер.
Көңілді күндер, көп күндер,
Мейірімін достың төктіңдер.
Махаббат беріп жүрекке,
Кеудеге гүлдер ектіңдер.
Күндер, күндер, көп күндер,
Сауықпен зырлап өттіңдер.
Балапанды құс қылып,
Жасық ем, жалын еттіңдер.
Кеудемді сырға билеттің,
Сүюді жырды үйреттің.
Өзіңдей, күндер, жылдаммын,
Өзіңдей, күндер, зерекпін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу