Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  63


Автор: Шабаз Иманалиев

ТУҒАН ЖЕР

Көл, қуанып қарсы аласың,
Жағаңа шат барсам күліп.
Ерке самал, жай соғасың,
Жанымды сәт тамсандырып.
Дархан дала, керілесің,
Нәзік әнмен тосып алып.
Сағым, неге елігесің,
Қиялымды қосып алып?
Қоңыр төбе, күн қақтаған,
Толқын-толқын қызыл құмдар.
Топырағың қымбат маған,
Кеудең толы қызығым бар.
Білсем де мен сан алыпты,
Алдарында бас иетін;
Артық болып жаралыпты
О, туған жер, қасиетің




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу