Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  98


Автор: Шабаз Иманалиев

ЕСЕНИННЕН

Жасыл өлке, шаттықтың сен елісің,
Ар, намысым берілген өлең үшін.
Жайлап үрле, жай соқшы, теңіз желі,
Естимісің бұлбұлды, гүл іздеді?
Естимісің, гүл нәзік сыбдырлайды,
Үндеседі жүрекпен – сырды ұрлайды.
Жайлап үрле, жай соқшы, теңіз желі,
Естимісің бұлбұлды, гүл іздеді?
Сәбисің сен, тап мұнда ешбір дау жоқ,
Жаралғаным шындық қой мен де ақын боп.
Жайлап үрле, жай соқшы, теңіз желі,
Естимісің бұлбұлды, гүл іздеді?
Гелия, сен, қымбаттым, кешір мені,
Алуан гүлдер жолыма өсіп еді.
Талай гүлдер майысар, білемін мен,
Бірақ бірі күледі жүрегімен.
Кел, екеуміз күлейік шын жүректен,
Осынау бір өлке үшін елжіреткен.
Жайлап үрле, жай соқшы, теңіз желі,
Естимісің бұлбұлды, гүл іздеді?
Жасыл өлке, шаттықтың сен елісің,
Мейлі, өмірім берілсін өлең үшін.
Көлеңкеде бұтақтар тұрған төніп,
Гелия үшін гүл құшты бұлбұл келіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу