Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  103


Автор: Шабаз Иманалиев

АЛЫСТА ҚАЛДЫ АУЫЛЫМ

Алыста қалды ауылым,
Алыста қалды мекенім.
Серік қып жастық дауылын,
Алысқа шырқап кетемін.
Өкпелі қыз да бір маған,
Көңілсіз достар, таныс та.
Кәрі қолын бұлғаған,
Анашым қалды алыста.
Мұңайды ма екен қазір де,
Еске алып тентек қарасын?!
Сау болып тұрғын әзірге,
Аяулы асыл анашым.
Қош айттым, сені құштым да,
Ақ сүт берген анашым.
Бала қыран ұшсын да,
Қияға көктен қарасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу