Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  96


Автор: Шабаз Иманалиев

ҚЫЗ ӘНІ

Толқын, барып келе қойшы,
Ақ шашағың төгілдіріп.
Еркем, алып келе қойшы,
Жаныма бір көңілділік.
Қайығыма жанап өтіп,
Неге үнсіз келеді екен?
Атын оның маяк етіп,
Жүрген жанды біле ме екен?
Өр теңізді қақтығыста
Жуасытып бойлай бекем;
Айлы түні ақ тымықта
Мен туралы ойлай ма екен?
Болды ма екен қыдырма тым,
Әлде әуелден тек жүріп пе?
«Сүйеді» деп сыбырлашы
Арманымдай сол жігітке.
Толқын, барып келе қойшы,
Ақ шашағың төгілдіріп.
Еркем, алып келе қойшы,
Сөйтіп маған көңілділік




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу