Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  73


Автор: Шабаз Иманалиев

АУЫЛЫМ

Ауылым, көп сағынып, көп аңсаған,
Құлшынып еркең келді, сәлем саған!
Қоярға сезімімді жер таппаймын,
Ой қанатты болғанмен, өлең шабан.
Мекені шопандардың, жылқышының,
Мекені мейірімді ана күлкісі күн.
Мекені дастандардың ерлік жайлы,
Мекені даңқты әке үлгісінің.
Ордасы құлаш жайған өр еңбектің,
Жарыста жеңіс туын желбіреттің.
Өзіңнен түлеп ұшқан ұл-қызың көп,
Ақтармын ақ үмітін деген көптің.
Мінеки, мен де – соның біреуімін,
Жаны жас, арманы асқақ, тілегі мың.
Кеудеңе өз қолымнан гүл орнатпай,
Ешқашан басылмайды бұл көңілім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу