Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  88


Автор: Шабаз Иманалиев

Мен – бұлбұлмын гүл аңсаған...

Мен – бұлбұлмын гүл аңсаған,
Тек бір өзің үшін, қалқа!
Жолаушыдай су аңсаған,
Сені аңсаймын, түсін, қалқа!
Гүл болшы сен жұлынбаған,
Күн боп нұрды аямайын.
Жұлдыз болшы жымыңдаған,
Аспан болып аялайын.
Жайнап ағып бұраңдаған,
Сен бұлақ бол толған көрік.
Сыбдырынан сыр аңдаған
Мен тұрайын орман болып.
Сүйген жарым өзің болшы,
Жүрегімнен сый сұраған.
Теңіз болсам, өзен болшы,
Жарқылдап кеп құйған маған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу