Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  55


Автор: Шабаз Иманалиев

ЖАЙЛАУ ТҮНІ

Қора қой – бұйра бұлттар өріп кетті,
Көп жұлдыз Ай-анаға еріп кепті.
Наз қимыл, әсем ажар, ерке мінез
Ай ерке көк әлемін көрікті етті.
Қалқаның қой күзеткен жағымды әні,
Ортақ кім сұлу сырға жанындағы?!
...Күні бойғы мал өрісі қажытпапты-ау,
Жас жігіт үй сыртына адымдады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу