Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  67


Автор: Шабаз Иманалиев

Жүрегім кенет дір етіп...

Жүрегім кенет дір етіп,
Көрсем тек сені қысылам.
Көңілдің сырын гүл етіп,
Өзіңе қашан ұсынам?
Үміттің, мұңның жайы мың,
Кеудемді жатыр сапырып.
Сезімнің абзал қайығын
Кетпеші суға батырып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу