Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  60


Автор: Шабаз Иманалиев

ЖАРТАС

Жауынға, желге, жасынға
Бас имеген, уа, жартас!
Келіп тұрмын қасыңа,
Шырайың бер, амандас.
Шапшыса толқын басыңа,
Шапалақ теңіз жаудырып;
Төсіңді бұлтқа жасырып,
Тұрасың жалғыз қайырып.
Өзіңде не бар, не сыр бар?
Ойлаймын-дағы, қызығам.
Не айтып кетті ғасырлар?
Білейін, айтшы, тез ұғам.
Үнсізсің, айбат, сенім жоқ,
Бүйтіп зәулім болғанша;
Дүниеге алым-берім жоқ,
Жұбаныш екен бой қанша?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу