Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  82


Автор: Шабаз Иманалиев

Қызыл мақпал құшағын еркін ашып...

Қызыл мақпал құшағын еркін ашып,
Қызартып қарлы аймақты таң келеді.
Көрпесін табиғаттың елтіп ашып,
Бір тәтті қылықпенен сәнденеді.
Аққудай қансыраған жатыр ақ қар,
Әуеден жерге түскен топшы сынып.
Маужырап аппақ қудай кәрі ағаштар,
Тұнжырап бас изейді арыз қылып.
Ысырып түлкі бөркін желкесіне,
Шығыпты аңшы жігіт қори қағып.
Шүйлігіп тағы дала денесіне,
Шалады әдістерін сан аударып.
Әзілдеп шұнақ аяз шымшып алса,
Шабады құйрық шаншып жабағы, тай.
Қарайды бәрін жаңа көрген жанша,
Сүйеніп күрегіне тұрған атай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу