Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  89


Автор: Шабаз Иманалиев

О, өмір, сан асулы, бұраңдаған...

О, өмір, сан асулы, бұраңдаған,
Мен – ұлың сәттеріңнен сыр аңдаған.
Жыр қуып, өлең жазып, қалам тербеп,
Өткен жоқ жүргеніме жыл ондаған.
Сары дала, сағымданған қайран дала,
Болмайсың маған жайлы қайдан ғана?!
Шаршамай жүгіретін қой соңынан,
Мен емес пе кешегі жайраң бала?!
Қазірде бала емеспін, ересекпін,
Мойныма алдым жүгін келешектің.
О, дала, мен – бір ұлың сен өсірген,
Өзіңе қарыздармын, берешекпін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу