Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  78


Автор: Шабаз Иманалиев

Жатырсың тыныштанып, ерке Жайық...

Жатырсың тыныштанып, ерке Жайық,
Төсіңде мұз қанатын ерте жайып.
Жарқылдар жайраң жүзің қайда кеткен,
Қайда әлгі сыңғыр күлкің қырға лайық?
Күз-жігіт құшты сені құмарымен,
Серпіліп майда жауын, тұманымен.
Бас болып кәрі терек алтын шашып,
Сері жел думандатып тұр әнімен.
Япырмау, аңқау жанға ұсадым ба,
Жүйрігін өршіл ойдың тұсадым ба?
Естілмей күлкің тұнып тұр екен ғой,
Сағынып күткен жанның құшағында.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу