Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  99


Автор: Шабаз Иманалиев

Айтқанға, мейлі, ренжі, досым...

Айтқанға, мейлі, ренжі, досым,
Сүреңсіз қалаң, көңілсіз бүгін.
Көтере алмай иіліп тосын,
Табиғаттың тұрғандай жүгін.
Ақ Жайық сылқым бұралып ерке,
Құрсауға түсіп, тырп етпей жатыр.
Тулаушы ед жазда кеудемді серпе,
Бетіме шапшып толқыны асыл.
Мен-дағы сондай үнсізбін қазір,
Күлмейді неге көңілсіз жүрек?!
Күні де күздің айтпайды әзіл,
Не болды бізге соншама жүдеп?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу