Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  80


Автор: Шабаз Иманалиев

О, дала, ыстық сенің қойның қандай...

О, дала, ыстық сенің қойның қандай,
Тағы да жүгірер ме ем ойыным қанбай?!
Әттең-ай, тебіндеген мына мұрттан,
Кіші інім қарай берді-ау көзін алмай.
Оқудан оралғанда, дала, бүгін,
Қайтадан ұстап кетті балалығым.
Қосыла айтып тұрған секілдісің,
Анамның маған деген «қарағымын».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу