Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  163


Автор: Шабаз Иманалиев

РЕНЖІДІМ ҚАЛҚАМА, ӨКПЕЛІ БОЛДЫМ ӨЛЕҢГЕ

Жолдасым, жаным, өлеңім,
Қиянат саған жасадым.
Тастадым сені аз мезгіл,
Астында ренжу – тасаның.
Ренжідім қалқама,
Өкпелі болдым өлеңге.
Сүймеске кінә арта ма,
Не жазық бар өлеңде?!
Жүректе алау асығып,
Шымырлап билеп бойымды;
Тулай түсіп, басылып,
Асырып арман ойымды.
Білмеймін, ойым шартарап,
Тыныштық бар ма көңілге?!
Махаббат жүгін арқалап,
Табар ма ем бақыт өмірде?!
«Ұмытайын» десем де,
Қаншама қатты тырысып.
Жүрегіме келеді-ау,
Еркімнен тыс жылысып.
Махаббат деген шәрбаттан,
Дәм таттым мен де, уа, тағдыр.
Жаныма жайсаң зар батқан,
Уандыр, қайта қуандыр!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу