Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  158


Автор: Шабаз Иманалиев

ҒАШЫҚ ЖІГІТ АУЗЫНАН

Ауыр ой жас адамды ауру қылған,
Серпілші әрменірек, ал, тұр жолдан.
Бақытым, бір қарашы, сыр ұғайын,
Көзіңнен жалын атып, жайнап тұрған.
Бақытым, ал қарашы, тез қарашы,
Сәулешім, қиналдым ғой, қинамашы.
Тұңғиық ой түбіне жібермеші,
Сен болшы жас жаныма арашашы.
Сәулешім, «Сені сүйдім» деші маған,
Сөйлесін жас жігерім жасымаған.
Жанарым, жеткізші оған сүйгенімді,
Түсіндір, анық болсын осы маған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу