Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  92


Автор: Шабаз Иманалиев

ДОСТАРҒА

Бітіріп достық мектебін,
Әр жаққа тарап кеткенің.
Кешіргін, артық сөз айтсам,
Балалықпен еткенім.
Сүйікті сол бір кездерім,
Ол кезде неғып сезбедім?
Есімде бірге ән сала,
Гүл теріп, тоғай кезгенім.
Қатырып қанат жайғасын,
Білмеймін, көбің қайдасың?
Білемін бірақ олардың
Дейтінін: «Отан жайнасын!».
Пәрмендеп көкте Айға ұшқан,
Болмасын артық қай құстан.
Досымның, сірә, бірісің
Төсімен өбіп, бұлт құшқан.
Шахтада бірің жүрмісің,
Көрсетіп ерлік үлгісін?
Сеніммен сілтей білерсің
Айбынды шахтер бұрғысын.
Құлаққа жайлы сылқыған,
Самалмен келді сылқым ән.
Менің бір досым боларсың
Әнменен қайтқан жылқыдан.
Сендерді жырлау – талабым,
Сәбилеу бірақ қаламым.
Риза болсын байтақ ел,
Өмірден неге қаламын?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу