Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  113


Автор: Жасұлан СЕРІК

Сертімді талақ қылып кеше берген...

Сертімді талақ қылып кеше берген,
Тірілте алмай үмітті көшеде өлген.
Мен саған кінә артпаймын, ардақтым-ау,
Барлығы маңдайдағы пешенемнен.
Ұмытпаймын өзіңді десем де мен,
Қайғы артсаң да жүрекке еселеген.
Сен маған кінә артпашы, ардақтым-ау,
Барлығы маңдайдағы пешенеңнен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу