Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  179


Автор: Жасұлан СЕРІК

Желкенін жайсам сен жаққа үміт – кеменің...

Желкенін жайсам сен жаққа үміт – кеменің,
Өтінем, жаным, барлығын ұмыт демегін.
Ақүрпек балапаным боп соңымда жүрші,
Жолыңа құрбан жүректі жұлып беремін.
Өзіңді іздер дәл мендей ғаріпті аяғын,
Шырқайтын әркез сезімнің жалықпай әнін.
Қызғанып сені өзге емес өзімнен кейде,
Сол жақ кеудемнің ішіне салып қоямын.
Күн сайын өсіп мен үшін қарыштап құның,
Өзіңсіз, гүлім, кеудемде толыспақ мұңым.
Сағынып мені өртеніп өлсін демесең,
Жанымда қалшы, кетпеші алыстап, күнім.
Сенсіз өмірде сенделіп қалып не етемін?!
Тәп-тәтті болған таңдайға тамып шекерің.
Сәл ғана күтші, сабыр ет, балапаным-ау,
Менсіз қаладан өзіңді алып кетемін!
Сәл ғана күтші...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу