Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  85


Автор: Жасұлан СЕРІК

Балхадиша, жарығым, жаным-күнім...

Балхадиша, жарығым, жаным-күнім,
Жағады екен, білмедім, бағыңды кім?
Сөзсіз, жаным, өзіңе бағындырдың,
Боларыңа сенемін бағым бір күн.
Балхадиша, құралай, аппақ айым,
Сенің әрбір сөзіңнен бақ табайын.
Екеуміз қолұстасып келген кезде,
Ақ жеңгем тамызса екен отқа майын.
Балхадиша, нәзігім, үміт, мұңым,
Сөздеріңмен жарығым, сыр ұқтырдың.
Мен сені сүйеді екем! Сен дәлелде,
Маған деген сезімнің тұнықтығын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу