Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  112


Автор: Жасұлан СЕРІК

Жарылқасын деп Жаратқан...

Жарылқасын деп Жаратқан,
Жалынып Хаққа күні-түн.
Жарлыдай көзден зар аққан,
Жалғаннан таппай үмітін.
Асығып алға, талпынып,
Аяқты жайлап басам мен.
Ақтық та демім сарқылып,
Адамнан көмек тосам мен.
Наркескен болам жарқылдар,
Нұрланған жүрек сен үшін.
Нар дүниеде де салқын бар,
Нәрсіз қып сезім жемісін.
Ыдысын теуіп ырзықтың,
Ықыласым ауды өзіңе.
Ыждаһат таппай мұз жұттым,
Ықсырып сезім тезіне.
Мына дүние-ай қимайтын,
Меңіреу, мылқау, үндемес.
Маған шын бақыт сыйлайтын,
Мүмкін бар алда бір белес!?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу