Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  119


Автор: Жасұлан СЕРІК

Санамды улады бал сағым...

Санамды улады бал сағым,
Жүректе қанша жыр, қанша мұң.
Өзіңді, аппағым, аңсадым,
Шаршадым, шаршадым, шаршадым...
Жанымды мазалап лағыл мұң,
Жартысы сен едің жанымның.
Пәктігі өзіңсің арымның,
Сағындым, сағындым, сағындым...
Мен жіпсіз өзіңе байландым,
Көркіңе ай сүйген тойған кім?
Ерекең айтқандай итіңе,
Айналдым, айналдым, айналдым...
Жарық қыл жанымның түнегін,
Тек мен деп соқсыншы жүрегің.
Үмітім үзілмес деп сенем,
Жібегім...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу