Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  223


Автор: Ғали Орманов

ТЫҢ КАЛАСЫ

І
Жол түсіп келдім тағы Тың қаласы,
Сөзімді тұңғыш айтқан тыңда жақсы.
Жүректің жұртқа дəйім сырын шерткен
Халқыңның мен де жыршы бір баласы.
Болғам мен Ақмолада ертеректе,
Жыр жазбай көп күндерім өткен текке.
Ақмола көріксіз де көне еді,
Түгі жоқ көз тартатын төңіректе.
Тар көпір шеті ілінген жар басына;
Жататын Есіл толып арнасына.
Кейде біз Қараөткелден кешіп өтіп,
Киімді кептіруші ек жағасында...
Айнала қазір соған тұрмын қарап,
Көп сурет жүргізбейді алдымды орап.
Тоғысып көгіңнен де, жеріңнен де,
Жатқандай саған құйып күллі тарап.
II
Ойлаймын өткен сұлу Ғалияңды,
Көрмеген мына зəулім жаңа ұяңды.
Қараған сол ұядан сəуле құсап
Көремін бүгін əсем Дариғаңды!
Қайырылып қарағанмен бірақ оған,
Тартады көзім алды бұлдыр тұман.
Биіктен ол да маған қол сілтейді,
Дегендей ақын аға, қош бол, аман!..
Ақмола қала еді бір еліме аңыз,
Сайысқан заманында ерлер нағыз.
Жас шағын жалыны көп қиған елге
Жырлармыз ерлерді əлі сан жылдар біз
Өтіпті елдің мұнда батырлары,
Шолпандай шырқапты жас ақындары,
Тар жолда тайғақ кешу талай өткен
Көшеңде Сəкен ізі жатыр əлі.
Қараймын саған əлі сол сезіммен,
Аламын өлең теріп ел сөзінен.
Жеріме жаңа орнаған жас қаладай
Етпеймін əсте сені қалт көзімнен!
III
Болғам мен Қорғалжын мен
Ерейменде.
Айтылмай қалған сонда көп ой менде.
Көркіңді көрейін деп келдім тағы,
Қызығың əлдеқайда кебейгенде.
Ереймен ерекше кен жатыр қазып,
Сықаған дəулет екен адыр, жазық.
Атақты Аюлы мен Қаракөлдей
Олар да болар деймін ғасырға азық!
Халқымның ұласа өскен ұл мен қызы
Ақтарып жатыр онда шың мен құзды.
Жаралған жүрегі ірі дəн өлкесі,
Осылай жарылқайсың күнде бізді!
Өңірлер күн кешкірсе қарауытқан
Ильичтің мəңгі өшпейтін шамын жаққан,
Мекенге масайраған айналыпты
Баяғы жым-жырт жерлер иесіз жатқан.
IV
Қалпың жас қазір сонша Тың қаласы.
Көріп тұр сені қазақ кең даласы.
Сəулелі суретіңнен көз алмаймын
Секілді коммунизм мұнарасы!
Сайрандап жүрейін бір көшеңде мен.
Көшең аз қазір асфальт төселмеген.
Қалаңды тыңнан түгел қалағандай,
Халқымыз қалай сонша эсемдеген!
Терейін тыным алмай өлең сенен,
Əн мен күй, əсем жырлар көрем сенен.
Тұңғыш бір Тың қаласы кешіре көр,
Жайыңды жерім болса кем өлшеген!
Көргенмен сəулетіңді күндіз ұдай,
Қарайын кешке де бір, күн бұзылмай.
Жарқырап көз алдымда көрін дəйім
Сенбейтін сахараның жұлдызындай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу