Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  83


Автор: Ғали Орманов

ЮРИЙ ЛЕВИТАНҒА

Халқымыз жаумен алысқан
Білеміз ауыр күндерін.
Жаңғыра сонда алыстан
Шалынды тынбай үндерің.
Шабылған, небір бүлінген
Қаланы қимай атадың.
Тұтана шыққан үніңнен
Қаһарын сездік Отанның.
Саңқылдап жеңіс күнінде
Лебізің жəне қуантты.
Пəрмені өктем үніңде
Тұр еді халық қуаты.
Жанына сонша дем берген
Жайыңды естен салар кім!
Жырындай бесікте үйренген
Жадында қалдың баламның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу